
Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми –әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 мамыр күні Семей қаласында жалпы орта білім беретін мектептерінің 7-11 оқушыларының арасында республикалық «Мағжан оқулары » байқауының облыстық кезеңі болып өтті.
Мағжан оқуларының мақсаты Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Байқаудың «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясы – ғылыми жоба бойынша қатысқан «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ оқушысы Кенжебекқызы Жанел жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы - Мағжан шығармаларын жатқа оқу бойынша қатысқан «Көкбай атындағы орта мектебі»КММ - нің оқушысы Ерболқызы Сымбат пен «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы - жас дарындар конкурсы бойынша қатысқан «Ш.Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Төлеухасым Ерназ ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!