
11 мамыр күні "Мектеп Парламентінің үздік Президенті- 2023" облыстық байқауының аудандық кезеңі қашықтықтан өтті. Мақсаты: Мектеп Парламенті президенттерінің табысты жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, қоғамдық және жеке санада жас көшбасшының жағымды бейнесін қалыптастыру.
Байқау барысында
1. " Мен мектеп парламентінің президентімін" презентация;
2. "Менің кіші Отаным" бейнеролик;
3. "Біздің таңдауымыз" әлеуметтік жобалары ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша
І орын "Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі" КММ Мектеп Парламенті Президенті- Кеңес Ұлан
ІІ орын "Шәкерім атындағы орта мектебі" КММ Мектеп Парламенті Президенті Дарханқызы Айзат иеленді.
Байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз.