Гос заказ

Гос заказ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы

 

Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 070100, Абай ауданы, Ералы көшесі, 6, 2021 жылғы 3 мамырдан бастап 50 (елу) орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Құжаттары әлеуетті қызмет көрсетуші немесе олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған кезде) Абай облысы білім басқармасының "Абай ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 070100, Абай ауданы, Ералы көшесі, 6 бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып ұсынады, телефон: 9-18-17, 6-кабинет 2023 жылғы 3 мамырдан  бастап 2023 жылғы 29 мамырын қоса алғанда сағат 10-00-дан 13-00-ге дейінгі мерзімде ұсынылады.

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі құжаттарды қабылдау басталған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы             27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

 4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) жалға алу болған жағдайда – ғимаратты/үй-жайды жалға алу шартының көшірмесі, өз ғимараты/үй-жайы болған кезде – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.

Мектепке дейінгі ұйымда қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда, осы құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет.

Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде келесі сілтеме бойынша орналастырылған: adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029323#z7.