"Оқуға құштар ұлт"

"Оқуға құштар ұлт"

10-27 сәуір күндері аралығында Абай облысының білім басқармасы «Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен "Оқуға құштар ұлт" жобасы аясында қазақ сыныптарына орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Бірге оқимыз! Дауыстап оқимыз» атты облыстық қашықтықтан байқау өтті.
🔰Абай облысы бойынша байқауға қатысқан 32 педагог арасынан ауданымыздың «Ш.Әбенов атындағы орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камзабаева Айгуль және «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Имахан Күлзира «Абай облысының білім басқармасы» ММ "Облыстық инновациялық –әдістемелік орталығы" КММ –ң директорының ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды!