
3-15 сәуір аралығында Абай ауданы бойынша балабақша тәрбиеленушілеріне, 1-11 сынып оқушыларына және ата-аналарға "Қауіпсіз терезелер" республикалық ақпараттық науқаны аясында түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, лездемелер, сынып сағаттары ұйымдастырылып, бейне роликтер көрсетіліп, ата-аналарға жадынамалар таратылды.