Волейболдан аудандық жарыс

Волейболдан аудандық жарыс

14 сәуір күні "Жалпы орта білім беретін мектеп" КММ базасында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ұлағатты ұстаз Сүлейменов Рысбек Бекенұлын еске алуға арналған мұғалімдер және жұмысшы қызметкерлер (ерлер) арасында волейболдан аудандық жарыс өтті.
🔰 Жарысқа аудан бойынша 9 команда қатысты.
🔰 Жарыстың ашылу салтанатында Абай ауданының маслихат хатшысы М.Нұрсұлтанұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі.
🔰Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-2 орынды Абай атындағы ММГИ командасы иеленді, жүлделі 3 орын М.Әуезов атындағы орта мектебінің командасы жеңіп алса, жүлделі 4 орын Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі командасы жеңіп алды.
🔰Жеңімпаз командалар арнайы кубок медаль сертификаттармен марапатталды.
🔰Жарыс барысында жақсы ойын көрсеткен Т.Рахымбекқызы, З.Сайлаубекова Б.Сайлаубекова,Е.Қанатұлы,Р.Ермекбаев,М.Мұқаевалар <Үздік ойыншы> атанды.
🔰Жарыстың демеушілері аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы, ЖОББ мектептің ұжымы және туыстары.