
14 сәуір күні Абай ауданы білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде "Ш.Әбенов атындағы орта мектебі" КММ базасында "Ән мен күйім - халқыма сыйым" атты аудандық Шәкір оқулары өтті.
🔰 Мектеп оқушыларының арасында қазақтың көрнекті ақыны, ірі тұлға Ш.Әбенов шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, оқу шеберліктерін дамыту және ана тілімізді, әдебиетімізді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға ауданымыздың мектептерінен 24 оқушы қатысты.
🔰 Жүлделі орын алған оқушылар Шәкір ақынның қызы Шакерава Сана Шәкірқызының, Наз атамыздан тараған ұрпақтарының дайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
🔰 Байқау қорытындысы бойынша:
І номинация «Ақында бар тілі өткір алмас қылыш» бойынша Бас жүлдені «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ 11-сынып оқушысы Кенжеханова Жанерке жеңіп алды.
1️⃣ орынды «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ 7-сынып оқушысы Мейрамбекұлы Данияр;
2️⃣ орынды «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ 7-сынып оқушысы Құмашева Ару;
3️⃣ орынды «Ш.Әбенов атындағы орта мектебі» КММ 11-сынып оқушысы Қажыбекова Гүлнұр иеленді.
🔰 ІІ номинация «Әсерлі өлең арбайды тыңдаушыны» бойынша Бас жүлдені «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ 7-сынып оқушысы Қайса Әлихан жеңіп алды.
1️⃣ орынды «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ 8-сынып оқушысы Сыпатаева Бағжан;
2️⃣ орынды «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ оқушылары Мәдениет Ерасыл мен Русланова Ділда;
3️⃣ орынды «Медеу орта мектебі» КММ 8-сынып оқушылары Амангелді Диана мен Рымханова Әйгерім иеленді.
🔰 ІІІ номинация «Өлең - өнер, ойыншық емес ермек» бойынша Бас жүлдені «Көкбай атындағы орта мектебі»КММ 8-сынып оқушысы Әзизбекова Мадина жеңіп алды.
1️⃣ орынды «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ 5-сынып оқушысы Шомақова Балым;
2️⃣ орынды«Медеу орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы Советқали Әйгерім;
3️⃣ орынды «Мамай атындағы негізгі орта мектебі» КММ 8-сынып оқушысы Ахметханова Аңсаған иеленді.
🏅 Барлық жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!