
2023 жылдың 12 сәуір күні «Шәкерім атындағы орта мектебі»КММ педагогикалық ұжымының ұйымдастыруымен «Шоқтығы биік Абай мен Шәкәрім шығармалары – мәңгілік мұра” тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты: Абай, Шәкәрім шығармаларын оқу үдерісіне заманауи тұрғыдан енгізе отырып, рухани кемелденген ұрпақ тәрбиелеу. Семинар барысында тәжірибелі мұғалімдердің, атап айтсақ, Қ.Қасымжан «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» практикалық сабақ, К.Турысбекова Абай Құнанбайұлы: «Жазғытұры» интеграциялық сабақ, М.Абылхаева «Шәкәрім және химия» интеграциялық сабақ, Э.Ерденбекова «Шәкәрім және математика» ғылыми -инновациялық сабақ, Н.Рахат, С.Сағынбеков «Жаңашыл ұстаз – заманауи мектеп» коучинг, Е.Айтқалиев, Г.Қаблетқызы «Абай мен Шульманның көзқарастары» дебат, Р.Тізгінбай, Г.Мұқанқызы «Абай мен Шәкәрімнің рухани қазынасын оқушының бойына сіңіру» дөңгелек үстел, Н.Уалиева , А.Салқынбаева, Г.Мұқанова “Ғылыми жоба өзегі -Шәкәрім” дарындылықпен жұмыс, Л.Балтиева «Шоқтығы биік Абай мен Шәкәрім шығармалары-мәңгілік мұра» экологиялық кеш әдістемелік озық үлгідегі шаралары көрсетіліп, инновациялық әдіс-тәсілдері мектептер тәжірибесінде жетілдіруге тиіс тың бастамашылдығымен ерекшеленді. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мамандары аталған ұжымның табысты педагогикалық еңбегін бағалай келе, ұстаздық еңбектеріне зор шығармашылық табыстар тіледі.