«XXI ғасыр көшбасшысы»

«XXI ғасыр көшбасшысы»

2023 жылдың 11 сәуір күні аудандық білім бөлімінің жобалық жұмыстарды үйлестіру жоспарына сәйкес ЖББ Қарауыл гимназиясы базасында 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы болып өтті.
Сайыстың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың қисынды ойлауын дамыту, талдауға жетелеу; оқуға деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту; жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбиелеу. Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дарынды оқушыны анықтау, болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау. Сайысқа аудан мектептерінен 11 оқушы қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды:
I орын – Ш.Әбенов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Оразбекова Дидар;
ІІ орын – М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қуантхан Ерсұлтан;
ІІІ орын – С,Бекбосынов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Рысқалиқызы Жансая.
Сонымен қатар, сайысқа қатысқан барлық оқушылар бөлім басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!