"Дебат турнирінің ерекшеліктері" атты дебат жетекшілеріне арналған аудандық семинар

"Дебат турнирінің ерекшеліктері" атты дебат жетекшілеріне арналған аудандық семинар

4 сәуір күні "Абай ауданы білім бөлімі" ММ жылдық жоспарына сәйкес әдіскер А.Аухадиеваның ұйымдастыруымен "Дебат турнирінің ерекшеліктері" атты дебат жетекшілеріне арналған аудандық семинар өтті.
Мақсаты: интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікірталастарды насихаттау, дебаттық клубтар мен педагогтер арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.
Семинар 4 бағыт бойынша жүргізілді.
1. Ұйымдастыру кезең- тренинг. А.Аухадиева
2. "Мектеп деңгейіндегі пікірсайыс клубтарын ұйымдастыру", "Дебат ойыны форматтарының ерекшеліктері", "Дебат турнирін ұйымдастырудың алғышарттары" - тренинг. А.Елекенов
3. "БП Жаңартылған білім мазмұны оқушылардың сауаттылығын арттырудың орнына кемітеді деп есептейді"- дебат жетекшілері арасында ойын. И.Аширимбетова
4. Қорытынды бөлім. Семинарды қорытындылау А.Аухадиева.
Семинар соңында аудандық семинарда өз іс-тәжірибесімен бөліскен "Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі" КММ-нің дебат жетекшісі Елекенов Алматқа Білім бөлімінің басшысының атынан алғыс хат және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.