Қауымдастық отырысы

Қауымдастық отырысы

3 сәуір күні Аудандық білім бөлімі тарапынан құрылған мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қауымдастығының жұмыс жоспары негізінде онлайн форматта жиналысы өтті. Жиналыс барысында -Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Смагулова "Абай мен Шәкәрім педагогикалық ілімін тәрбие үрдісінде қолдану"тақырыбында өз мектебі аясындағы атқарылған жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімі әдіскері А.Аухадиева
- ІІІ-оқу тоқсанында атқарылған жұмыстар;
-балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыру;
-мектеп жасындағы аз қамтылған отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бір реттік көмек көрсету;
-өткен байқаулар бойынша қортынды жасап, түсінік жұмыстарын жүргізді.