
31 наурыз күні Семей қаласында Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми –әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында республикалық М.Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі болып өтті. Ауданымыздан байқаудың «Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша қатысқан «Көкбай атындағы орта мектебі»КММ - ң 9 сынып оқушысы Жаннұрқызы Нұрсезім ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Кадырова Айтбубы. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша қатысқан «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ- ң 9 сынып оқушысы Қасымова Жанар ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Кусманова Молдир. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!