«Бәсекелес педагог»

«Бәсекелес педагог»

2023 жылдың 28 аурыз күні «Абай облысы білім басқармасы»ММ «Облыстық инновациялық –әдістемелік орталығы»КММ ұйымдастыруымен отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейту бағытында «Бәсекелес педагог» байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Байқау Абай облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының тек педагог- шебер, педагог- зерттеуші, жоғары санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткізілді.
Ауданымыздан байқауға қатысқан «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исайн Мейрамгүл І орынды жеңіп алды. Жеңімпаз ұстазды құттықтаймыз