
Бүгін, 27 наурыз Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми –әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК- ң ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Байқауға ауданымыздан қатысқан Жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Мақсұтова Айзат жүлделі ІІ орынды иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды. Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінен қатысқан 8 сынып оқушылары Сағындықова Балжан мен Советқазин Айбекке байқауға бесене қатысқаны үшін сертификат берілсе, М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Серикова Дина «Ұлы баба өнегесін насихаттаушы» номинациясын иеленді.