"Үздік алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің ұйымдастырушысы 2023"

"Үздік алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің ұйымдастырушысы 2023"

24 наурыз күні "ЖББ Қарауыл гимназиясы" КММ базасында "Үздік алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің ұйымдастырушысы 2023" байқауының аудандық кезеңі өтті. Шараның ашылу салтанатында Абай аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Жарылғапов құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі. Шараның қорытындысы бойынша:

🔰 І орын Шәкерім атындағы орта мектебінің мұғалімі Тайтөлеуов Олжас;

🔰ІІ орын С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің мұғалімі Қабиденов Азамат;

🔰 ІІІ орын Көкбай атындағы орта мектебінің мұғалімі Тәңірбергенов Арнұр иеленді.

Жүлдегер ұстаздарымызды құттықтаймыз!