
2023 жылдың 17 наурызында «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық –әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтеріне арналған «Бәсекелес педагог» байқауының аудандық кезеңі өтті. Педагогтердің ғылыми – әдістемелік деңгейлерін анықтау және кәсіби, ақпараттық құзіреттілік деңгейлерін арттыру, шығармашыл, талантты мұғалімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға ауданымыздың мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің зерттеуші санаттағы мұғалімдері қатысты.
Байқау қортындысы бойынша ІІІ орынды «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қайникамал Бекбосынова иеленсе, ІІ орынды «Мамай атындағы негізгі орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айман Елубаева иеленді. Жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдаманы «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мейрамгүл Исайн жеңіп алды