Наурыз

Наурыз

Наурыз- қазақ халқы мен Азияның көптеген халықтарының басты мерекесі. Әрдайым жарқын, шуақты қуанышты мереке "Наурыз" "көктемнің тууы" деген мағынаны білдіреді. Наурыз мейрамы Аудан бойынша білім беру мекемелерінде 13-17 наурыз аралығында аталып өтті. Мақсаты- наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу.
Жоспарға сай
- "Таза табиғат" акциясы;
- "Жасыл үй" көгалдандыру бойынша челлендж;
- Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін спорттық жарыстар;
- Ұлттық тағамдар дайындау құпиясымен бөлісу бейнероликтерін түсіру;
- Оқушылар арасында "Бәдік айтыс", "Жұмбақ айтыс " т.б. түрлері;
- Ұлттық нақыштағы символдық сыйлықтар жасап тарату,көрме;
- "Жыл басы- Наурыз ", "Қош келдің, құтты Наурызым" тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
"Наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі"
Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз құтты болсын!!!