«Білім беруде STEAM бағытын дамыту» атты конференциясы

«Білім беруде STEAM бағытын дамыту» атты  конференциясы

2023 жылдың 15-16 наурыз аралығында «Білім беруде STEAM бағытын дамыту» атты өңіраралық  ғылыми-практикалық онлайн конференциясы болып өтті. Конференцияға Абай және Павлодар облыстарының білім саласы мамандары қатысты. Шараның мақсаты: STEAM  білім беру ортасын қалыптастыру. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда  педагогтердің озық тәжірибелерімен бөлісу, жемісті диалог құру. Аталған шараға Абай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Д.Б.Әбенова қатысып, «STEAM  БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.