«Әбіш оқулары»

«Әбіш оқулары»

15 наурыз күні Семей қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Әбіш оқуларының негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Республикалық «Әбіш оқулары» төрт бағыт бойынша өткізілді.
1 номинация – «Үй тапсырмасы». Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу номинациясына қатысқан Көкбай орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әсетханова Ұлпан (жетекшісі Ережеп Берік)
ІІІ орын иеленсе, Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу номинациясына қатысқан Көкбай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бауыржанқызы Аружан да (жетекшісі Қариева Толқын) ІІІ орынды жеңіп алды.
3 номинация «Шығармашылық жұмыс». Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауына Қарауыл гимназиясының Шомақова Айым (жетекшісі Исаин Мейрамгүл) қатысып, ІІ орынды қанжығасына байлап қайтса, 4 номинация «Ә.Кекілбаевтың шығармаларынн сахналық қойылым» дайындаған Қарауыл гимназиясының оқушылары жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Болатов Ә, Болатбек Н, Қасымова Ж, Карл Ж, Серікқазиева Ж, Шерниязданов Е (жетекшілері Байбуринова Ақмарал).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, республикалық кезеңде жеңіске жетулеріне тілектеспіз!!!