«Қазақстанның ғажайып жауһарлары!»

«Қазақстанның ғажайып жауһарлары!»

Республикалық «Қазақстанның ғажайып жауһарлары!» байқауының облыстық кезеңі жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында болып өтті.
Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, патриотизм, азаматтық бірегейлік сезімін тәрбиелеу. Облыстық кезеңге жолдама алған аудандық «Үздік эссе» жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздары болды.
Облыстық кезеңнен жүлделі орынды иеленіп, республикалық кезеңге ауданымыздан жолдама алған «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ –ң 5 сынып оқушысы Болатқызы Балғын мен «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ-ң 9 сынып оқушысы Амантаева Бақытқа сәттілік тілейміз!