
2023 жылдың 14 наурыз күні сағ. 10.00 – де Абай аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес білім мекемелері басшыларының алқалық мәжіліс отырысы өтті. Жиынға білім мекемелерінің басшылары мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы талаптарының орындалу барысы. Білім мекемелерінің Е-портфолио электронды жүйесінде келісім-шарт мәселесінің жағдайы
2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада нәтижесіне талдамалық есеп
3. Мектепті басқаруға өзгеріс енгізу. Командалық жұмыс. ЖОО-рымен
меморандум негізінде атқарылған жұмыстар. Жобалық жұмыстардың
жүргізілу барысы
4. 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдық білім сапасына талдау
5. Жетекші мектептер мен серіктес мектептердің жоспарға сай жұмыс барысы
6. Ағымдағы мәселелер
Хабарламалар
Қаңтар – ҰБТ нәтижесіне сараптамалық талдау
ҰББДҚ ( ұлттық білім беру деректерінің қоры) сапалы толтырылуы туралы
Күнделік.кз уақытылы жүргізілу барысы
Мәжіліс Қаулысына сәйкес білім мекемелерінің бірінші басшылары мен бөлім мамандарына аталған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар міндеттелді.