
9 наурыз күні ағылшын тілі пән мұғалімдері қауымдастығының зум платформасында жоспар бойынша кезекті кездесуі өтті. Кездесуге аудан мектептерінің барлық мұғалімдері қатысты. Отырыста "М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ұстазы Құсайынова Дарияш Орынбекқызы "Ағылшын тілі сабағындағы топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары" тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында Дарияш Орынбекқызы топтық жұмыстың артықшылығы мен оны тиімді ұйымдастыру жолдарына тоқталып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Соңында осы тақырыпта пікір талас ұйымдастырылып, мұғалімдер өз ойларын, іс-тәжірибелерін ортаға салды.