
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 6,7 наурыз күндері барлық білім беру мекемелерінде мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар өтті. Атап айтқанда
- "Жан анам" тақырыбында сынып сағаттары,
- "Аяулы анашым" атты ертеңгіліктер,
- "Өркендеу" жобасы аясында "Әжемнен үйренерім көп" атты әжелер мектебі мүшелері балаларға жүн түтіп, кесте тігу, ұршық иірудің қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар аналарын, ұстаздарын мерекемен құттықтап, өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.