
8-наурыз әйелдер мерекесіне орай аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен білім мекемелерінің нәзік жанды қызметкерлері арасында стол теннисінен аудандық жарыс өткізілді.
Жарыстың қортындысына сай 1 орынды С.Бекбосынов орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі А.Арикпаева, 2 орынды Абай атындағы ММГИ -ның математика мұғалімі А.Дулатова, 3 орынды аудандық білім бөлімінің кіші қызметкері А.Зейнелова иеленді.
Үздік ойыншы номинациясын білім бөлімінің басшысы Б.Скакова иеленсе,
ардагер ұстаз Рақымжанова Бақытқа арнайы сертификат табысталды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!