Қауымдастық отырысы

Қауымдастық отырысы

Ағымдағы жыдың 2 наурызында Абай ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қауымдастығының кезектен тыс отырысы (онлайн) өтті. Кеңеске мектептердің барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Отырыста қаралған негізгі мәселе - наурыз – мамыр айларында өтетін аудандық байқаулардың ұйымдастырылуы және өтуі жөнінде болды. Және де ағымдағы мәселе – педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында көктемгі каникул кезінде ұйымдастырылатын онлайн – семинарда іс – тәжірибесімен бөлісетін спикерлер тағайындалды.