
Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық – орталығы» КММ –ң ұйымдастыруымен облыстық «Ұстаздық ұлық емес – ұлы қызмет» байқауы болып өтті. Педагогтердің шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз етіп, пән мұғалімдерінің құзіреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған эссе байқауына қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқанқызы Гүлжанат (Шәкерім о\м) жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаз ұстазды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!