2023 жылдың 24-25 сәуір аралығында ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы облыстық жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен І аймақтық олимпиадасы болып өтті. Ауданымыздан Қарауыл гимназиясының 11 сынып оқушысы Бейбітқызы Айым 3 орын иеленіп, 30000 тг сертификаты табысталды. Пән мұғалімі: Бауыржанқызы Диана.