"Ұрпақ тəрбиесі- ұлт болашағы" тақырыбында аудандық семинар

Абай ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сəйкес, " Жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - де "Ұрпақ тəрбиесі- ұлт болашағы" тақырыбында аудандық семинар- практикум өтті.
Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Отансүйгіштік тәрбиесіне ерекше мән бере отырып, туған жері мен елі алдындағы туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін арттыруға тәрбиелеу.

Семинарға аудан мектептерінен директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер келіп қатысты.

🔰Семинар бағдардамасы бойынша ең алдымен қонақтарды қарсы алып, мектеп психологтары Сыздыкова Р.Б
Мусаханова А.Б «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Бағдарламаға сəйкес :

🔰«Ата – баба дәстүрі – асыл мұра» - 2 «А» сыныбы тәрбие сағаты (жет.: Адильбекова Д.Қ)

🔰«Ұлттық құндылықтар -тәрбиенің түп қазығы»
7 «В» сыныбы тәрбие сағаты
( жет.: Сайлаубекова Б.Ж)

🔰«Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» 7 «А» сыныбы
( жет.:Байтусова А.) тəрбие сағаттарын өткізді.
 
Сондай- ақ
«Зерде» және «Жалын» клубтары (кіші топ жəне үлкен топ) көрсетпе ойын өткізді.
(Жетекшілері : Асқар Б.
Марданова Г.)
Келген қонақтар арасында КВЕСТ ойыны ойнатылды.
(Ұйымдастырушылар : Нугыбаева И. Р
Марданова Г.) 

🔰"Өркендеу жобасы" аясында әжелер мектебінде ардагер ұстаз Бабланова Лайлə Кенжебекқызы
«Қыз еркем, кестесімен көркем» атты шеберлік сағаты өткізілді. ( ұйымдастырушы:
мектеп тәлімгері – Амангелдина Әйгерім)
 
Семинар соңын «Абай еліне саяхат» тақырыбында шағын көрініс қойылымымен аяқтады.( Ұйымдастырушы: математика пәнінің мұғалімі
Кунгожина Ж.Ф)
 
Аудандық семинар-практикумді Абай ауданы білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскер А.Аухадиева және "ЖОББМ" КММ директоры А. Садвбекова қорытындылап, өз іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға алғыс хат табыстады.

Дата публикации
15 марта 2023