Ереже

                                                                           Бекітемін:________________

                                                                           Абай ауданы білім бөлімінің

                                                                           басшысы   Б.Н.Скакова

                                                                      ____ қыркүйек  2022  жыл

 

 

 

Абай ауданының жалпы  білім беретін ұйымдары оқушылары арасында өтетін дәстүрлі аудандық «Төлеген оқуларын» өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Халықаралық Жамбыл қоры» сыйлығының лауреаты, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы, «Ақсұңқар» ақындар сыныбының жетекшісі, ардагер ұстаз, ақын Төлеген Жанғалиев атындағы дәстүрлі аудандық «Төлеген оқулары» байқауының (бұдан әрі–Төлеген оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Абай ауданының білім бөлімі ұйымдастырушысы болып табылады.

1.3. Төлеген оқуларының мақсаты:  жергілікті ақын, жазушылардың шығармаларын жас ұрпақтар арасында насихаттап, олардың зердесіне, таланттар қаламынан тудырған зейінді ойлар мен зерделі сөздерді сіңіру.

  1. Төлеген оқуларының қатысушылары

2.1. Төлеген  оқуларына оқыту тіліне қарамастан, жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сыныптарының  оқушылары қатыса алады.

2.2. Әр мектептен әр номинация бойынша 1 оқушы, барлығы 2 оқушыдан ұсынады.

  1. Төлегеноқуларынұйымдастыружәнеөткізутәртібі

    3.1. Төлеген  оқулары  екі  номинация  бойынша  өткізіледі:

3.1.1. «...Өлеңі үшін не істемейді бұл ақын..» номинациясы - Төлеген  шығармаларын  жатқа  оқу  конкурсы (қатысушы өзі жатқа білетін Төлеген  шығармаларының тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет) 1 қосымша.

3.1.2«...Қара өлең төрін күзеттім...» номинациясы-(өз шығармаларын орындау,қатысушы  өз  шығармаларының  жинағын 

конкурс басталғанға дейін  тапсыруы  тиіс) 1 қосымша.

3.2. Төлеген оқулары 2 кезеңде өткізіледі:

        1 кезең – мектепішілік;

        2 кезең - аудандық; (әр жылдың қаңтар айы)

3.3. Төлеген оқуларының өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру аудандық білім бөлімінің ұйымдастыру комитеті құрылады.

3.4. Ұйымдастыру комитеті Төлеген оқуларын өткізу орнын, дайындық жұмыстарын жүргізуде тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, іс-шараның өткізу бағдарламасын, қатысушылардың тізімін бекітіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

3.6. Қазылар алқасы:

3.6.1. Қатысушылардың өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді, талдау жасайды және бағалайды:

І номинация: «...Өлеңі үшін не істемейді бұл ақын...»ақын өлеңдерін жатқа оқу. Бұл номинация екі шарт бойынша бағаланады: 1) жатқа білетін шығармалар саны, 2) шығарманы мәнерлеп оқу шеберлігі. Әр шартқа қойылатын максималды ұпай саны -10 балл;

ІІ номинация: «...Қара өлең  төрін күзеттім...» Оқушылардың өз шығармашылығы бойынша өлеңдері тындалады. Бұл номинацияда екі шарт бағаланады: 1) жазған өлеңінің көркемдік дәрежесі, 2) оқу шеберлігі. Әр шарт бойынша максималды ұпай саны-10 балл.

3.6.2. Қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

3.7. Аудандық Төлеген оқулары 2023 жылдың қаңтар айының екінші  онкүндігінде «ЖББ Қарауыл гимназиясында» КММ өткізіледі. Төлегеноқуларынақатысуүшінсұраныстыережегесәйкесұйымдастырукомитетіне 2023 жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігіне дейін metod_abai@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

  1. Қорытындылаужәнемарапаттау

4.1. Төлеген оқуларының жеңімпаздары әр бағыт бойынша І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жүлделі орын алмаған оқушыларға сертификат беріледі.

  1. Төлеген оқуларын қаржыландыру

5.1. Төлегеноқуларын қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес «Абай аданы білім бөлімі» ММ есебінен жүзеге асырылады.

(1 қосымша)

Конкурсқа қатысушылар туралы өтінім

(кестегеұсынылуытиіс)

№

 

 

 

 

 

Оқушыныңаты-жөні:

 

 

 

 

Мектебі

 

 

 

 

 

Сыныбы

 

 

 

 

 

Номинациясы

 

 

 

 

 

Дайындағанмұғалімніңаты-жөні (толығымен), жұмысорны, байланыс телефоны

 1

 

 

 

 

 

 

Жатқа орындайтын шығармалар тізімі:

1.

2.

Шығарған өлеңдер тізімі:

 

Дата публикации
03 марта 2023