🔹🔹🔹Хабарландыру!!!🔹🔹🔹
🔹Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығы бойынша Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы” КММ тұрақты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі бос лауазымына конкурс жариялайды.
🔹Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын 2026 жылдың 9 маусымына дейін Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Ералы көшесі 1 мекен жайына, телефон 87225291745 немесе karauylgim@mail.ru электронды поштасына жіберуі қажет.
🔹Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар
1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері (білімі туралы диплом нотариуспен расталған);
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);
6. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты ( бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10. Осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
🔹Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар ұсынады.
@abay_bilim