“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде кең ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында саябақтар мен қоғамдық орындарға 2000-ға жуық тал көшеті отырғызылды. Отырғызылған ағаш көшеттерінің қатарында қайың, рябина, шырша, терек, қарағаш, шие және шынар бар.
Акция барысында аудан көлемінде төрт апта ішінде жалпы көлемі 1696,5 тонна қоқыс шығарылып, тазалық жұмыстарына 105 техника жұмылдырылды. Іске 4542 адам қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, 27 саябақ, оның ішінде Жеңіс саябақтары, 2 мәдени-тарихи ескерткіш маңы, 595 жеке тұрғын үй ауласы және көпқабатты үйдің аумағы қоқыстан тазартылды. Бұдан бөлек, 20 мың м³ өзен-көл маңында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
“Таза Қазақстан” акциясы аудан жұртшылығының экологиялық сана-сезімін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама ретінде өз жалғасын табуда.