Мемлекеттік қызметшілерге арналған ақпараттық кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша директоры Асет Талғатбекұлы Әбжаковпен мемлекеттік қызметшілерге арналған ақпараттық жиын ұйымдастырылды.

🎓 Магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау талаптары түсіндірілді

Жиын барысында А.Әбжаков 2025–2026 оқу жылына Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау талаптары мен тәртібі туралы кеңінен түсіндірме берді. Ол оқу үдерісіндегі құқықтық қамтамасыз ету шаралары мен оқу аяқталғаннан кейінгі артықшылықтар туралы да мәліметтер ұсынды.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерге оқуға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дата публикации
03 сентября 2025