Құрметті ауыл тұрғындарыІ
Ауыл әкімі кезекті еңбек демалысында болуына байланысты 6 айда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқтала кетсем. Осы уақытқа дейін жеке тұлғаларға 603 мемлекттік қызмет крсетіліп, 56 құқықтык акт жасалды. Е Өтініш бойынша 1 өтініш түсіп, уақытында жауап қайтарылды. 8 адамға нотариалдық іс-әрекет жасалды.
Жергілікті бюджетке түскен салық 101пайызға орындалды.
Ауылда мәдени шаралар 1 наурыз алыс айту күні, 8-наурыз халықаралық әйелдер күні, 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі, 1 -7-9 мамыр мерекелері, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні жоспар бойынша өз дәрежесінде аталып өтті.
Ауылды абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына байланысты биыл 50 шынар ағашы,10 шырша,20 қараағаш, гүлдердің әр түрінен 80 дана гүл көшеттері (питуния,түймедақ,цинния,астра),30 дана гүл құмыралары алынып, мекеме, саябақтарға егілді.Ауыл тазалығы мен ағаш,гүлдерді суару үшін қоғамдық жұмыстан 8 адам, жасыл ел бағдарламасымен 3 адам жұмыс жасауда.
Көше жарығының шамдары жаңартылып, бағандары краскіленді.
Биылғы жылы балалардың ойын алаңы, көпір, раскол (мал қамайтын орын) салу жоспарланып, құжаттар өткізілген. Бүгінгі күні раскол құрылысы аяқталды. Балалардың ойын алаңын салуды ұтып алған мердігер таяу күндері келеді..
Сондай ақ, биыл да 2 пәтерлі 2 тұрғын үй салынып пайдалануға беріледі. Өткенде мердігерлер келіп, салынатын орнын көріп, аукцион арқылы жер алуға өтініштерін беріп кетті.
Өздеріңіз білесіздер жақында ғана тарихи тұлға Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы Қарауылтөбеде жоғары дәрежеде аталып өтті.Осы тойдың өз дрежесінде өтуіне атсалысқан мектеп ұжымына,Клуб үйі қызметкерлеріне, демеушілік жасаған ауыл азаматтары мен азаматшаларына, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлерге ауыл әкімінің атынан ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.