Құндызды ауылдық округі әкімі аппараты жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесіп атқарған жұмыстары туралы

Құндызды ауылдық округі әкімі аппараты жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесіп атқарған жұмыстары туралы

 

    27-желтоқсанда Құндызды ауылдық клуб үйі қызметкерлері мен Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің ұйымдастыруымен «Жаңа жыл 2023» атты жаңа жылдық мереке  аталып өтті. Ауыл әкімі Ысқақов Думан Мәнәпұлы бір жылдық қорытынды жасап үздік қызметкерлерді марапаттады.

  

    

     1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай  Құндызды клуб үйінің қызметкерлері мерекеге арнап челендж  ұйымдастырды.  

     8-наурыз Халықаралық  әйелдер күніне орай «Жан анам» атты мерекелік концертті  Құндызды ауылдық клуб үйі қызметкерлері мен Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі ұжымының жігіттері және ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен  өткізілді.

                              

  23-наурыз күні  Құндызды ауылымызда «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын»  атты  Наурыз мерекесі тойланды.

   Көше болып, мекеме болып кигіз  үйлер тігілді. Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар қойылды.

  Қазақтың спорттық  ұлттық ойындары (арқан тартыс, қол жығыс, қой көтеру, лақ көтеру т.т) ойнатылып, жеңімпаздары марапатқа ие болды.         Ат спортынан  атшабар алаңында тай жарысы  болып,   көкпар ойынымен аяқталды.

    

 

 

         01.05.2023 Қазақ елінің байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.

         Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Қазақ елінің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.1 мамыр бірлік күні құтты болсын.

 

09.05.2023 Құндызды ауылдық Клуб үйінің қызметкерлері 9мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізді.Мерекелік іс шара Құндызды ауылдық округінің әкімі Ысқақов Думан Мәнәпұлы құттықтап  тыл ардагері Нарынбаев Советбек әкемізді құттықтап марапаттады . Мерекелік іс-шара ән мен жыр мен жалғасты келген көрермендер ықылас ниеттерін білдіріп мерекемен құттықтап тарқасты.

 

04.06.2023 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Құндызды ауылдық Клуб үйінің қызметкерлерінің ұйымдастырылған мерекелік іс-шара, дөңгелек үстел өтті.

 

01.07.2023. Құндызды ауылдық  Клубында

1 шілде Ұлтық Домбыра күніне арналған Домбырашы ұстаз шәкіртімен күй орындау және Жұлдызды жұп Біржан мен Диана ән орындауы

 

01.10.2023. Бүгінгі 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай Құндызды ауылының тұрғыны, көнекөз қария 100жасқа тақап қалған Исаұлы Абай атамыздың үйіне барып, мерекемен Құндызды ауылдық Клуб үйінің қызметкерлері құттықтады. Абай атамызға ауыл әкімінің құттықтауын жеткізіп Клуб үйінің қызметкерлері өздерінің сый сыйапатын тапсырды Қазыналы қарияны мерекемен құттықтап, деніне саулық, ұрпағына амандық тілеп, ақ тілегімізді білдірдік.

Қашан да үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты⚜️

Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің,

Өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер!

Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес байлық болып табылады

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!  Құндызды ауылдық клуб үйінде 1қазан- Халықаралық

Қарттар күніне орай

«Қарттарым асыл қазынам»

Атты мерекелік концерт мәдени іс-шара өтті. Ауыл әкімі Д.Ысқақовтың құттықтауы және

Мекеме басшылары құттықтау видио ролигін тамашалады. .Мерекелік іс-шара барысында әннен шашу шашылып ,би биленіп , әзілі – сықақ көрсетіліп мәз мейрам болып қарттарымыз

Кеш соңында ауыл қарттары алғыстарын білдірді.

24.11.2023 .  25 қазан. «Республика күні» ұлттық мерекесіне орай Құндызды ауылдық Клуб  үйінде салтанатты жиын болып өтті.

Шара барысында Құндызды ауылы әкімі  Д.Ысқақов 25 қазан Республика күнімен құттықтады.Құндызды ауылындағы мекеме қызметкерлері жыл үздіктері ауыл әкімінің Алғыс хатпен марапатталды.Клуб үйінің қызметкерлері, Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің ұстаздары,оқушылары Ш.Әбенов атындағы орта мектептің ұстаздары оқушылары өнерпаздары, жарық жұлдыздары әсем ән мен мың бұралған би,күнбірлеген күй , тарту етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады

 

23.11.2023 Құндызды ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тайтөлеуов Қайырбек Қалқаманұлының, учаскелік инспекторы Мағауин Азамат Саятұлының және Клуб үйінің қызметкерлерінің қатысуымен «Терроризм мен Экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жас ұрпаққа терроризм мен экстремизм туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, оқушылар сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.М.Әуезов «Ел боламын десең бесігінді түзе» болашақ жас ұрпақ ел ертені еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

Дата публикации
29 февраля 2024