26.12.2023 Құндызды ауылында тұрғын үй кезегіне сәйкес әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне қос пәтерлі екі тұрғын үй, жиыны 4 пәтердің кілттері табысталды.
Абай ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 2020-2022 жылдар аралығында жиыны 96 пәтер жаңадан бой көтеріп, ауданымыздың тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларына берілді.
Биылғы жылы халыққа тиісті мүмкіншілік жасау, тұрақтандыру мақсатында тұрғын үйлер аудан орталығы Қарауыл ауылынан басқа 5 ауылдық округтерде салынды.
Жыл басынан бері аудан бойынша жиыны 38 пәтердің кілттері табысталды.