Білім саласы:

«Ш.Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

1-11 сыныптарда  - 169 оқушы білім алады, мектепалды даярлықта - 18  бала, шағын орталықта  - 49 бала, 35 мұғалім жұмыс  істейді.

Байшеров С.А мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, көркем еңбек пәні мұғалімі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылығы аясында ұлт руханиятының жанашыры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Өзбекәлі Жәнібеков-ұлт руханиятының сардары» атты облыстық семинар-практикумға қатысып, сертификатпен марапатталды.

Аширимбетова Индира Дуйсенхуловна «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып жетекшінің рөлін айқындау, кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибені тарату мақсатында «Білім мен тәрбие тандемі» аудандық сынып жетекшілері олимпиадасында І орынға ие болды.

Аширимбетова Индира Дуйсенхуловна «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Білім мен тәрбие тандемі» сынып жетекшілері олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

«Асыл өнер» - мектеп театры ұжымы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы  «Шабыт» жобасы аясында аудандық «Тарихтан тағылым» атты театрландырылған сахналық қойылым байқауында І орынға ие болып марапатталды..

3 сынып оқушылары Асхат Айша, Асхат Айназ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы  «Шабыт» жобасы аясында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында өткізілген облыстық «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауына әжесімен қатысып, «Бас жүлдеге» ие болды,

«Жас сақшы» командасы «Жол қозғалысының жас инспекторы»  байқауының аудандық кезеңінде  І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды

«Жас сақшы» командасы «Жол қозғалысының жас инспекторы» байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие  болды.

Дата публикации
19 августа 2026