Ауылдық клуб үйі 21 жылдан бері пайдалануға берілген. Барлық мәдени іс-шаралар клуб үйінде өтіп келеді. Мейрамғали Истаев атындағы Құндызды халық театры жоспарлы түрде жұмыс жасайды. Жылу тен арқылы беріледі. Клуб үйінде 10 адам жұмыс істейді.
2026 жылы Ауылдық клуб үйі аудандық “Көркемөнерпаздар” байқауына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды.
Ақтамберді спорт кешені Абай ауданының спорт мектебінің балансына беріліп,5 адам жұмыс істейді. Қазақ күресі, дзюдо үйірмелері ашылып, толық көлемде жұмыс істейді.Қазақ күресінен өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай аудандық жарыста: 4- оқушы 3 орын, 1- оқушы 2 орын иеленді.