Ауылдық клуб үйі 15 жылдан бері пайдалануға берілген. Барлық мәдени іс-шаралар клуб үйінде өтіп келеді. Мейрамгали Истаев атындағы Құндызды халық театры жоспарлы түрде жұмыс жасайды. Жылу тен арқылы беріледі.
Клуб үйінде 11 адам жұмыс жасайды.
Ақтамберді спорт кешені Абай ауданының спорт мектебінің балансына беріліп,5 адам жұмыс істейді. Қазақ күресі, дзюдо үйірмелері ашылып, толық көлемде жұмыс істейді.Қазақ күресінен өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай аудандық жарыста: 4- оқушы 3 орын, 1- оқушы 2 орын иеленді.