Ауылда жоғары білімді мал дәрігерлері 4 адам,арнаулы орта білімді 2 маман жұмыс жасайды. Ірі қара – 6820 бас,сауын сиыр – 3502.Жылқы – 6328. Қой – 10217
Сәуір айында 1636 бас МІҚ малынан бруцеллезге қан алынды – нәтиже теріс, «Оң» нәтиже берген жоқ.
Қой-ешкі 492 бас бруцеллез ауруына қарсы қан алынды, «Оң» нәтиже берген малдар жоқ.
Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын-алу мақсатында жүргізілетін ветериналық іс-шаралары,сәуір айында атқарылған жұмыстар төмендегідей:
- Вакцинация жұмыстары:
- МҰМ сібір жарасы ауруына қарсы – 3100 бас
- МІҚ сібір жарасы ауруына қарсы – 4500 бас
- МІҚ қарасан ауруына қарсы– 900 бас
- Жылқы сібір жарасы – 2500 бас
2025 жылы 64 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер, оның ішінде 2 наубайхана, 5 дүкен, 1 шаштараз, 1 жанар-жағар май сату станциясы, «Мырза батыр» кешені жұмыс жасайды.
Наурыз айында көше жарықтарын қамтамасыз ету үшін ИП Қайралаповпен келісім шартқа otырылып, 1 200 000 теңгеге барлық көшелердің жарықтары электр үнемдеушілерге ауыстырылып, үзілген жерлердің кабельдері жаңартылды.