GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
Мәдениет және спорт
19 марта 2026
100 жасаған ғасыр ана

Бүгін ауылымыз үшін ерекше қуанышты күн болды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күні ауылымыздың ардақты анасы, ғасыр жасаған Діңкен әжеміз 100 жасқа толды.

Ғасырлық ғұмырында 11 бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 26 немере, 32 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отырған ақ жаулықты ана – үлкен әулеттің ғана емес, бүкіл ауылымыздың мақтанышы.

Осы қуанышты сәтте әжемізге ақжарма тілегімізді білдіріп, гүл шоқтары мен құттықтау адресатын табыстадық. Сондай-ақ «Ғасыр жасаған Ана» атты мақала жарық көрген «Абай елі» газетінің 15 данасын әженің ұрпақтарына естелік ретінде сыйға тарттық.

Ғасыр жасаған ананың ақ батасы мен өнегелі өмірі – кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі. Діңкен әжемізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ұрпағының қызығын көріп, аман-есен ортамызда жүре беруін тілейміз!

Мәдениет және спорт
19 марта 2026
Алғыс айту күні

Құрметті Қасқабұлақ ауылдастар! 🌿 Сіздерді 1 Наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. 🤝 Алғыс айту күні – татулық пен өзара құрметті, бірлік пен сенімді нығайтатын тағылымды мереке. Ауылымыздың дамуына үлес қосып, ортақ іске жанашырлық танытып жүрген барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын. 🌾 Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, ел іргесіне тыныштық тілеймін. Ынтымағымыз артып, бірлігіміз бекем болсын! 🇰🇿 Құрметпен, Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі А. Құсайынов

Хабарлама
25 февраля 2026
ҚАР КҮРЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

ҚАР КҮРЕУ ЖҰМЫСТАРЫ жүйелі түрде ЖҮРГІЗІЛіп отырады.
Ауыл аумағында қар күреу жұмыстары жүргізілді. Орталық және ішкі көшелер, жаяу жүргінші жолдары мен кіреберіс қақпа маңы тазартылып, қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді.
Жұмыстар коммуналдық қызмет және тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Ауыл тазалығын сақтауға атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз.

Мәдениет және спорт
10 февраля 2026
Ауылымызда кино көрсетілімі

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Қасқабұлақ ауылының тұрғындары!

Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында әр айдың жұма күндері ауылдық мәдениет үйінде фильмдер көрсету ұйымдастырылады.
Көрсетілетін фильмдер YouTube желісінде жарияланбаған, мазмұны қызықты әрі тәрбиелік мәні бар болады.

📌 Ай сайынғы бағдарлама:
– 2 жұма күні – ересектерге арналған көркем фильмдер
– 2 жұма күні – балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер

Құрметті Қасқабұлақ ауылының тұрғындары!

Бүгін, 23.01.2026 жылы, ауылдық мәдениет үйінде
16+ жас санатына арналған
«Ыстық ұя» фильмі көрсетіледі.

🕗 Басталу уақыты: кешкі сағат 20:00
🎟 Кіру: тегін

Баршаңызды қызықты фильм тамашалап, кешкі уақытты жақсы көңіл күймен өткізуге шақырамыз!

🎬 Келіңіздер, бірге тамашалайық!

Мәдениет және спорт
10 февраля 2026
"Жаңа жыл - 2026"

Мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары дайындаған жаңа жылдық кеш өте әсерлі болды. Ауыл тұрғындары мен қонақтарды Жаңа жылмен құттықтап, жыл бойы әр салада үздік болған азаматтарды номинациялар бойынша марапаттадым. 🏆 Еңбек адамдарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 🏅 Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға Абай атамыздың 180 жылдық мерекелік медалі табысталды. 👨‍👩‍👧‍👦 Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы» – Тайоразовтар әулетіне және көп жылдар бойы ветеринария саласында адал еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Акимжановтар отбасына ерекше құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Осы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша ауыл тұрғындарына үлкен алғыс білдіремін! ✨

28 января 2026
Ауданның даму бағыттары аппараттық кеңесте талқыланды

Ауданның даму бағыттары аппараттық кеңесте талқыланды

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен 2026 жылдың алғашқы аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мейіржан Серікбосынұлы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының 2025 жылғы есептері мен 2026 жылға арналған жоспарларын тыңдады. Жиында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, бюджет атқарылуы және алдағы жылға қойылған негізгі міндеттер талқыланды.

2025 жылы бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бюджет қаражаты мақсатты әрі тиімді игеріліп, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында жоспарланған жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын сақтау шаралары мен ветеринариялық-профилактикалық жұмыстардың атқарылуы, аудандағы эпизоотиялық жағдай туралы мәселелері де қаралды.

Аудан әкімі 2026 жылға арналған жоспарларды нақты әрі нәтижеге бағытталған етіп орындауды, сондай-ақ жоспарға сәйкес жұмыстардың жүйелі, сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекеттік қызметтер
18 декабря 2025
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.
Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады.Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа дафактілер бойынша өтініш жіберуге болады.
Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

Құрлыс және ЖШС
06 ноября 2025
Қасқабұлақ ауылында салынып жатқан қос пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысы

Қасқабұлақ ауылында салынып жатқан қос пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен таныстық.
Аудандық мәслихаттың депутаты Мұқатаев Асқар Амантайұлымен бірге барып, нысандағы жұмыстардың орындалу сапасын тексердік. Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін мердігерге ескерттік.

Сонымен қатар, құрылыс барысында кемшіліктерге жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Аталған тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін, арнайы санаттағы азаматтарға бөлінетіні де атап өтілді.

Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бір пәтерге жылу жүйесі толық қосылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

23 октября 2025
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.   

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.

Жаңа рәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұл процесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.

Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.

20 октября 2025
“Таза Қазақстан” эко-акциясы аясында Абай ауданының барлық ауылдық округтерінде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.

“Таза Қазақстан” эко-акциясы аясында Абай ауданының барлық ауылдық округтерінде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық бастаманың нәтижесінде аудан бойынша алма, мойыл және қылқан жапырақты ағаш түрлерінен барлығы 2000 түп ағаш отырғызылды.🌳 Іс-шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері белсене атсалысып, жалпы саны 510 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны тазарту жұмыстары да қатар жүргізіліп, 12 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Мұндай игі істер табиғатты аялауға, жасыл желек көлемін арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Игі шараға қатысқан барлық азаматқа алғыс білдіремін.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы