Экономика
Қасқабұлақ ауылдық округінің экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына сүйенеді. Негізгі бағыттар – мал шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік.
Ауылдық округте 54-дан астам шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ірі қара мал басы –10203, қой-ешкі –14078, жылқы – 4730.
Сонымен қатар, ауылда шағын және орта бизнес саласында 22 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Оның ішінде 4 азық-түлік дүкендері. Қалғаны 17 мал шаруашылығымен. Халыққа қызмет көрсетіп отырған 1 монша бар.
Округ бюджетінің негізгі шығыстары білім беру, әлеуметтік сала және инфрақұрылымға бағытталады.