М.Әуезов атындағы орта мектепте МАД тобында 6 бала, жиыны - 187 оқушы білім алды. 11- сыныпты бітіретін 23 оқушының 2-уі «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер болса, 1 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Олар: Серикова Дина, Талғарқызы Жұлдыз, Балтақаев Диас. ҰБТ-ге маусы-шілде айларында 13 түлек қатысқалы отыр.
Рухани – адамгершілік тәрбие бағыты бойынша, мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты құндылықтарды қалыптастыру бағыты бойынша, Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыттары бойынша, білім алушылар бойында еңбек тәрбиесін, экономикалық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру бағытында жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Білім сапасын арттыру бағытында ұстаздар қауымы жұмыс атқаруда.