Қасқабұлақ ауылдық округі: Еңбек пен мерейлі сәттерге толы кезең
Ауыл өмірінің тынысы — бірлік пен берекенің, өнер мен спорттың, құрмет пен мәдениеттің тоғысқан орны. Өткен кезеңде ауылымызда маңызды іс-шаралар өтіп, тұрғындарымыз жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Мәдениет пен өнердегі толағай табыстар:
Жас ұрпаққа отансүйгіштік пен қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында өткен «Өнерлі өлке» аудандық көркемөнерпаздар байқауында Қасқабұлақ ауылы жүлделі І орынды иеленіп, 1 000 000 теңге сертификатын жеңіп алды.
Абай ауданы ауылдары арасында ұйымдастырылған «Көктем аруы — 2026» байқауында ауылымыздың аруы Амангелді Аружан Төлегенқызы бақ сынап, өз өнері мен сұлулығын лайықты деңгейде көрсетті.
Спорттағы биік белестер:
Аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен аудандық спартакиадада өрендеріміз спорттың 15 түрінен бақ сынасып, командалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болды.
Ұлттық мереке мен дәстүр дәріптелген күн:
Әз-Наурыз мерейі: Қасқабұлақ ауылында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Таңертең тай және құнан жарысынан бастау алған думан ауыл тұрғындарының шеруімен жалғасып, ақсақалдың батасымен ашылды. Мерекеде ән мен би қалықтап, гір тасын көтеру, қой көтеру, арқан тартыс сайыстары ұйымдастырылды.
Арнайы үлкен тайқазанда палау пісіріліп, әр көше жайған ақ дастарқанда ыстық бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды.
Аудан әкімі Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлының бастамасымен өтудегі «Наурыз дәмі» акциясы аясында ауыл әкімі Алмат Талғатұлымен бірге әкімшілік ұжымы 85 жастан асқан қазыналы қарияларымыздың шаңырағына барып, мерекелік тартуларды табыстады.
Мерейлі марапат: Мереке барысында көпбалалы аналарымыз — Мұрсалимова Толқын мен Таутан Рыскүлге «Күміс алқа» марапаттары мен арнайы куәліктері куанышты жағдайда табысталды.
Тарихи тағзым мен балаларға қуаныш:
9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай майдан шебін азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, Ел үшін еңбек еткен ауылымыздың тыл ардагерлеріне арнайы құрмет көрсетілді.
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнінде ауыл әкімшілігі, мектеп және балабақша ұжымы бірлесе отырып, кішкентай бүлдіршіндерімізге ұмытылмас мерекелік концерт сыйлады. Ауылда нағыз балалық шақтың думанды атмосферасы орнады.
Ауылдың өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, ауылымыздың абыройын асқақтатып жүрген барша тұрғындарға алғыс білдіреміз!
23.05.2026 жылы ауылымызда жаңадан Жастар саябағында бір айдың ішінде ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сабақ аумағында заманауи фонтан орнатылып, көпшілікке арналған үлкен әрі сәнді сахна салынды. Сонымен қатар, 800 шаршы метр аумаққа бручатка төселіп, саябақ тұрғындардың жайлы демауына арналған көрікті мекенге айналды.
«World Clean-Up Day» халыққаралық экологиялық акциясы аясында Қасқабұлақ ауылдық округінде жалпы халықтық сенбілік ұйымдастырылды. Себілікке ауыл тұрғындары мен барлық мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ауыл аумағын қоқыстан тазарту, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды. Байқаудың нәтежесінен қарай снымен қатар қортындысы бойынша 1-ші орын Мақаетар отбасы иеленді. Облыстық байқаудан 2-ші орын иеленді. Осымен қатар «Үлгілі үй» байқауының бойынша 3 отбасы жеңімпаз болып анықталды, олар Жантуров Арғынбек, Мәжиев Бақытбек, Ибраев Әділет.