
Ауыл тұрғындары, жастар үнемі мәдени-көпшілік жұмыстарға белсене қатысып келеді.
Мерекелік іс-шаралар, мерекелік күндерге орай өткізілетін шаралар жоспарға сәйкес өткізіледі. 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күніне» орай ауылымыздың барлық көшелері арасында «Үлгілі келін – 2025» байқауы өтті. Байқауға бес көшеден бес үміткер қатысты.
Олар:
Құнанбай көшесі – Назарбаева Гаухар,
Абай көшесі – Бекбаева Балжан,
М. Әуезов көшесі – Құйтпанова Марзия,
Ералы көшесі – Каримова Айдана,
Достық көшесі – Метатай Меруерт.
Байқау қорытындысы бойынша:
«Үлгілі келін – 2025» – Құйтпанова Марзия,
«Ісмер келін» – Каримова Айдана,
«Өнерлі келін» – Метатай Меруерт,
«Білімді келін» – Бекбаева Балжан,
«Ибалы келін» – Назарбаева Гаухар.
Байқауға қатысқан үміткерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
21 наурыз – Наурыз мерекесі ауылымызда «Наурыз мейрамы» аталып өтті. Арнайы киіз үй тігіліп, ауыл тұрғындары мен қонақтарына наурыз көже ұсынылып, ыстық бауырсақ таратылды. Жастар арасында көкпар, тай жарысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.
4–6 сәуір аралығында Шымкент қаласында өткен пара-таэквондодан «Қазақстан кубогында» ауылымыздың тұрғыны Шәкірімов Рауан қола жүлдегер атанды.
1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Абай ауданында «Барша адамзат – сүй бауырым» атты мерекелік фестиваль өтті. Ауыл атынан Болатқазы Мұхит пен Мұратова Жансая түрік халқының биін орындап шықты. Фестиваль қорытындысы бойынша Қасқабұлақ ауылы «Киелі шаңырақ» номинациясымен марапатталды.
7 мамыр күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл тұрғыны, тыл ардагері Әбишева Динкен апамыз әкімдік қызметкерлерімен бірге өз үйінің ауласын тазалады.
8 мамырда Қасқабұлақ ауылдық Мәдениет үйінде «Ерлік – ел мұра, ұрпақ ұран» атты мерекелік кеш өтті.
9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай ауыл ақсақалдары мен тұрғындары «Жеңіс аллеясына» барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бастауыш сынып оқушыларымен әдеби монтаж қойылымы ұйымдастырылды.
Осы күні ауылымыздың тыл ардагерлері Әбишева Динкен, Айтбаева Сиропану, Айтқазина Төлеугайша, Жұманбаев Мақсұтбай, Нұрымбекова Мұғалима апаларымыз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан арнайы төсбелгілермен марапатталды. Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагері Мұсатай Мақсат ақын Жеңістің 80 жылдығына орай құттықталды