
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Қасқабұлақ ауылдық округінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы ауыл инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Негізгі бағыттар:
Жолдарды жөндеу: 2025 жылы елді мекен ішіндегі 250 км жолды асфальттау жұмыстары жоспарланған.
Сумен жабдықтау жүйесі: ауыз су құбырының жаңғырту жобасы басталды, ол 2024-2025 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Электрмен жабдықтау: ауылда ескі электр бағаналары ауыстырылды.
Көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару, аулаларды көгалдандыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғын үй құрылысы: жас отбасыларға арналған 2 тұрғын үй салу жоспарда бар, өз үйін салғысы келетін азаматтарға жер телімдері бөлінуде.
2025 жылы атқарылған жұмыстар:
Семей–Қарауыл тас жолының 97–117 шақырымында 20 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
30 көше шамы орнатылды.