
Білім беру саласы бойынша:
М.Әуезов атындағы орта мектепте МАД тобында 14 бала, жиыны - 237 оқушы білім алуда. Білім сапасын арттыру бағытында ұстаздар қауымы өз күштерін салуда. Нәтижесінде жақында ғана 6-сынып оқушысы Амантай Айхан Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсіп өз білімін сонда жалғастыратын болады. Биылғы оқу жылын 21 оқушы жақсы нәтижемен аяқтады, 3 оқушы «Үздік аттестат» иесі атанды. Бүгінгі күні «Жазғы мектеп» жұмыс жасап, әртүрлі іс шаралар өткізумен балалардың көңілді демалуына үлкен жауапкершілікпен қарады.. Мектеп қабырғасында өтіп жатқан іс шаралар күнделікті әлеуметтік желіде жарияланып отыр. Робототехника бағдарламалары бойынша облыстық ІТ чемпионатының аудандық кезеңінде командалық есеп бойынша М.Әуезов орта мектеп І орын иеленді. Оқушыларымыз аудандық волейбол жарысында бірнеше рет жеңімпаз атанып отыр. Осы тұста дайындаған мұғалімдерінің еңбегін атап өту орынды 1-сәуір күні Семей қаласында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған «Абай Мергені-2023» атты қыздар арасында облыстық мылтық атудан өткен әскери-патриоттық турнирде мектеп оқушылары үздік өнер көрсетіп мадақтамаға ие болды. 13-сәуір күні мал ұрлығының алдын алу, мал бағымын ұйымдастыру, шаруа қожалықтарының жайлауға көшіп қонуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 10 сәуір күні Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» - атты Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларына сәйкес 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 пайыз кредит берілуі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 15-сәуірде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күніне орай өткен «Вена балы-2023» жұптық би байқауында М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушылары жүлделі ІІ орынға ие болды. Ұлағатты ұстаз Сүлейменов Рысбек Бекенұлын еске алуға арналған білім қызметкерлері кәсіподағының мұғалімдер және жұмысшы-қызметкерлер арасында волейбол жарысында жүлделі ІІ орынға ие болды. 19-сәуір күні Семей қаласында өткен 10-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын өткізілетін «Қайсар» әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңінде М.Әуезов орта мектебі саптық дайындықтан І орын алды, жетекшісі Ибраев Әділет, Құрманғалиев Ернар. 21-22 сәуір күндері Жарма ауданы, Қалбатау ауылында өткен Ауған соғысының ардагері Тілеухан Әнуарбекұлын еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық турнирінде «Пневматикаық мылтық атудан» жекелей қыздар арасында Қызырханова Ділназ АК-74 бұзып жинаудан ІІІ орын, газ түтігін киюден командалық ІІІ орын алды. 23-сәуір күні Абай ауданы, Қарауыл ауылының Жастар ресурстық орталығының 10 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Айбын» әскери патриоттық сайысында М.Әуезов атындағы орта мектеп командасы пневматикалық мылтық атудан, кермеге тартылудан, АК-74 оқу құралын бөлшектеп жинаудан, газ түтігін киюден, арқан тартыстан І орын, әскери кросстан ІІ орынға иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. 20 мамыр күні өткен Аманкелді Айтқазинді еске алуға арналған қазақ күресі өткізіліп, мекетеп оқушылары Хакім Әділжан І орын, Ғафизов Нұрдәулет ІІІ орынға ие болды. 23 маусымда 9-сынып оқушылары арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» атты танымдық кеш өтті.