"Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) жергілікті атқарушы органның және аудан әкімінің ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық салалардағы қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілеріне және өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
| Адрес | Қазақстан Республикасы 070100, Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі 12 |
| Канцелярия | + 7 (72252) 9-17-67, + 7 (72252) 9-17-67 |
| e.duisembekov@akimatabai.gov.kz |