Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау

Ауылымызда әлеуметтік осал топқа жатқан отбасыларға материалдық, әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі өтіп тұрады. Қарауыл ауылы бойынша жыл басынан бері аз қамтылған отбасыларына бір түгі 600 теңгеден 42 отбасына 100-200 данадан шөп түсірілді,  қосымша «Серік» және «Қуат» шаруа қожалықтары   арзан бағамен ауыл тұрғындарына шөп түсіріп берді. Екі рет Семей қаласынан жем әкелініп ауылдың бағасынан 200 теңгеге төмендетіліп, халыққа сатылды.  Жыл бойына 30 адамға 35 тонна көмір тегін түсіріліп берді. Бұның сыртына ауылдық округ қызметкерлерінің тарапынан мұқтаж адамдардың үйлерінің бұзылған жерлерін жөндеп, қолғабыс жасалып тұрады.

Ауылымыздың тұрғындары тарапынан қайырымдылық акцияларды өткізу шаралары кең көлемде қолға алынып жүр.

Қарауыл ауылында дүниеге келген үлкенді-кішілі азаматтар мен азаматшалар белсенділік танытып «Ел Аманаты» және «Абай жомарт жастары» атты қайырымдылық қорларын құрып мұқтаж жандарға әр түрлі деңгейдегі материалдық қолдаулар жасап келеді.

Ерекше атап өтетінім, ол 2022 жылы 76-шы және 97-ші жылғы азаматтардың басшылығымен құрылған «Ел аманаты» қайырылымдық қоры көп балалы, аз қамтылған отбасына жаңа заман талабына сай салынып жабдықталған автокөлік жөндейтін техникалық станциясының кілтін табыстады. Қазіргі таңда бұл сервистік қызмет көрсету орнын аудан тұрғындары мен қонақтарына өз қызметін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, «Ел аманаты» қоры тарапынан Қарауыл ауылында тұратын 2 топ мүгедектігі бар, жалғыз басты азаматқа жаңадан баспана салып берді.

Дата публикации
23 февраля 2024
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

02 сентября 2025
Мемлекеттік қызметтер туралы
02 сентября 2025
Экономика саласы бойынша 2025 жыл
Хабарлама
01 мая 2025
“Үлгілі үй” байқауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы