«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ-КӘСІБИ МАМАН» аудандық тамыз кеңесі өтті

«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ-КӘСІБИ МАМАН» аудандық тамыз кеңесі өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Өткен оқу жылының қорытындылары сараланып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар айқындалған жиынға аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Кеңестің бірінші бөлімінде білім сапасын арттыру жолдары; «Адал азамат» біртұтас тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру, мұғалім мәртебесі мен кәсіби дамуын қолдау бағытында мәселелер талқыланды.

Жиында аудан басшысы Мейіржан Серікбосынұлы білім саласындағы маңызды мәселелерге тоқталып, биылғы оқу жылына сәттілік тіледі.

Білім бөлімінің басшысы Б.Скакова өткен оқу жылының нәтижелерін қорытындылап, жеткен жетістіктерге тоқталып, жаңа оқу жылына арналған жоспарларымен бөлісті.

Кеңес барысында:
✅ Білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері мен техникалық қызметкерлері арнайы Құрмет мадақтамасы және Алғыс хаттармен марапатталды.

Кеңестің екінші бөлімі қатысушыларға арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

Тамыз кеңесі ұстаздар қауымына жаңа серпін беріп, алдағы оқу жылына нақты бағыт-бағдар сілтеген маңызды басқосу болды.

Дата публикации
02 сентября 2025