2026 жылы аудан әкімінің бастамасымен ауыл өнерпаздары аудандық деңгейдегі мәдени іс-шараларға белсене қатысып, биылғы «Өнерлі өлке» көркемөнерпаздар байқауында Қарауыл ауылы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік – ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен өнерге деген құрметінің, сондай-ақ ортақ мақсат жолындағы ұйымшылдығының айқын нәтижесі.
Бүгінгі күні ауыл тұрғындары үшін Абай атындағы мектеп-лицейі, жалпы білім беретін орта мектеп және Қарауыл мектеп-гимназиясының спорт залдары, «Шыңғыстау» спорт кешені, спорт модулі, орталық стадион, екі шағын футбол алаңы, бассейн, мұз айдыны және фитнес залы тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Сондай-ақ ауылдағы спорт мектебінде спорттың 11 түрі бойынша 454 оқушы тұрақты түрде жаттығып, оларға 45 жаттықтырушы-оқытушы тәлім беруде.
2026 жылы Абай ауданы әкімінің жүлдесі үшін өткен аудандық спартакиадада Қарауыл ауылының құрама командасы жалпыкомандалық есепте тұғырлы І орынды иеленді. Бұл – ауыл спортшыларының табандылығы мен ұйымшылдығының нәтижесі.